×

Полиция Сарыағаштағы үш жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады

Үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен

Полиция Сарыағаштағы үш жасар қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады
Фото: instagram.com/_volontery_shymkent_lider.kz

Түркістан облысы ПД басшысының тергеу жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков Qaz365.kz порталына берген жауабында іс бойынша күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, Сарыағаш ауданында Асылымның денесі мамыр айында дәретханадан табылған еді.

«Тергеу іс-шаралары барысында бұл оқиғаға қатысты кәмелетке толмаған күдікті  анықталды. Анықталған жағдайларға байланысты және күдіктінің психологиялық жағдайын ескере отырып, ол мамандандырылған медициналық мекемеге орналастырылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда», - деп хабарлады Асылжан Қалдарбеков.

Үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз ғайып болған. Құтқарушылар мен сүңгуірлер каналдар мен ауладағы септиктерді, құдықтарды тексерген. Іздестіру шарасына полиция, ТЖМ қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. 19 мамырда Асылымның денесі көрші үйдің дәретханасынан табылған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →