×

Ақмола облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Әлеуметтік желіде тараған жазбада күдікті 2013 жылдан бері полиция қызметкері болып жұмыс істеген

Ақмола облысында полицей жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының Атбасар қаласында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды. Аталған оқиға бойынша полиция іс қозғады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы тамыздың 18-де түнгі сағат 02:50 шамасында болған.

«Атбасар қаласында жаяу адамды көлік қағып кетті, ол алған дене жарақатынан көз жұмды. Осы оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді ведомстводан.

Әлеуметтік желіде тараған жазбада күдікті 2013 жылдан бері полиция қызметкері болып жұмыс істеген.

Полиция өкілдері кінәлі жүргізушінің полиция қызметкері болып істегенін растады.

«Қазіргі уақытта ол теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды және тергеу барысы Ақмола облысы ПД басшылығының бақылауында», - деді ведомствода.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →