×

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді қайта қарады

Үкім заңды күшіне енді

Сот Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкімді қайта қарады
Фото: baq.kz

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім қайта қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыстық істі 21 тамызда Астана сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қарады.

Бірінші үкімге қорғаушылар, сотталушылар және олардың адвокаттары шағымданды.

"Астана сотының сот алқасы шағымдардың дәлелдерін зерделеп, процеске қатысушыларды тыңдап, қылмыстық істің материалдарын зерттеп, сотталғандардың кінәсінің дәлелденгені туралы сот қорытындыларымен келісті. Бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ", - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, биыл 29 ақпанда Арыстанбек Мұхамедиұлы төрт бап бойынша 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →