×

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды – Антикор

Тергеу жалғасып жатыр

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы қамауға алынды – Антикор
Фото: Қазмұнайгаз АҚ

«Қазақ газ өңдеу зауытының» басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауытының» директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікке ілінді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады», - деп жазылған Антикор таратқан хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →