×

Шымкентте әкесі аялдамада қалдырған 13 жастағы бала жоғалып кеткен

Тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолын тексерген

Шымкентте әкесі аялдамада қалдырған 13 жастағы бала жоғалып кеткен
Фото: otyrar.kz

Полицияға Шымкент тұрғыны арызданып, аялдамаға уақытша қалдыра тұрған 13 жастағы ұлының жоғалып кеткенін айтқан. Аталған хабарлама бойынша Созақ ауданының полициясы бірден әрекет етіп, баланы іздеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның сайтында хабарланғандай, тәртіп сақшылары шағымданушы әкесі мен ұлының оқиғасын анықтап алып, олардың жүрген жолын тексерген. Дәмханалар мен ойын-сауық орталықтарын да назардан тыс қалдырмай, қарап шықты.

Осылайша жоспарлы жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелет жасына толмаған бала тасжолдың бойынан табылды.

Полицейлердің анықтауы бойынша әкесі мен ұлы Шымкент қаласынан Созақ ауданына көлікпен қыдырып келе жатқан кезде, жасөспірім баласы өзін жайсыз сезінеді. Денсаулығы сыр берген ұлына дәрі-дәрмек қажет екенін түсінген әкесі ұлын аялдамаға қалдырып, өзі дәріханаға беттейді. Алайда дәріні дер кезінде жеткізгенімен, баласын аялдамадан таппай қалады.

Полицияның іздеу жұмыстарының арқасында бала отбасына аман-есен табысталды, ал әкесі сақшыларға шексіз алғысын жеткізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Пекинде алапат нөсер жауып, кемінде 30 адам қаза тапты
Бүгін, 13:34

Пекинде алапат нөсер жауып, кемінде 30 адам қаза тапты

Пекинде бірнеше күн ішінде жылдық мөлшерге тең жауын-шашын жауды. Қатты нөсердің салдарынан кенеттен болған тасқындар кемінде 30 адамның өмірін қиды
Ол жедел жәрдем бригадасына табысталды. 
Қорғаныс министрінің тапсырмасымен оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →