×

«Әнару Құрманәліні Қонаевта Тұраровтың адамдары зорлаған»: Боксшының адвокаты жауап берді

Ол Әнару Құрманәлінің отбасына ешкім арызды алып тастау туралы хабрласқан жоқ деп отыр

«Әнару Құрманәліні Қонаевта Тұраровтың адамдары зорлаған»: Боксшының адвокаты жауап берді
Фото: Qaz365.kz

Әнару Құрманәлі бұған дейін Қонаев қаласында такси жүргізушісі зорлағанын, оған боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін екенін айтқан. Осыған қатысты Qaz365.kz тілшісінің сауалына Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов Алматыда өткен баспасөз мәжілісінде жауап берді. 

«Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасының бас прокуратурасындағы арнайы статистика мекемесіне сұраныстар жіберілген болатын. Біз бұған әлі жауап алған жоқпыз. Егер де жауап  берілсе, біз сіздерді міндетті түрде хабардар етеміз. Бірақ Жанқош адам жіберіп, біреу зорлатады деп ойламаймын», - дейді адвокат.

Ол сонымен қатар Әнару Құрманәлінің отбасына ешкім арызды алып тастау туралы хабрласқан жоқ деп отыр. Бұған дейін сондай ақпараттар тараған еді.

Айта кетейік, осының алдында Әнару Құрманәлі осы жылдың 4 шілдесінде оны Қонаев қаласында такси жүргізушісі зорлағанын айтқан еді. Бұған боксшы Жанқош Тұраровтың қатысы бар болуы мүмкін деп санайды.

Еске салайық, Әнару Құрманәлі бұған дейін боксшы Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты сұхбат берген еді. Ол боксшыны неше жылдан бері білетінін, онымен алғаш рет қалай танысқанын және Тұраровтан зорлық көргенін айтқан еді.

Сондай-ақ бүгін Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасап, полицияға арыз жазуға Әнару Құрманәлі масаң күйде келгенін айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →