×

Маңғыстау облысында балабақшаларға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Бірқатар талаптың бұзылғаны анықталды

Маңғыстау облысында балабақшаларға 100 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысы прокуратурасы өңірдегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын тексеріп, бірқатар талаптың бұзылғанын анықтады, деп хабарайды Qaz365.kz.

Атап айтқанда: санитарлық нормалар, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, білім беру және медициналық қызмет салаларында заңбұзушылықтар анықталды.

“Қазір аяқталған тексерулер бойынша 600-ге жуық әкімшілік іс қозғалып, жалпы көлемі 100 млн теңгеден аса айыппұл салынды. Сондай-ақ, тексеру нәтижесімен 15 балабақшадан (3 мемлекеттік, 12 жеке меншік бала бақша) 72,2 млн теңгеге мемлекетке залал келтіру дерегі анықталды”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Нақты айтқанда, 12 жеке меншік балабақша келмеген балалар үшін мемлекеттен 47 млн теңге көлемінде қаражат алған. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

3 мемлекеттік балабақшаның есепшілері 25 млн теңге жымқырған. Оларға қатысты ҚК-тің 189-бабымен («Жымқыру») 2 сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →