×

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр

Ақмола облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті парақшаның хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.

«Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген», - делінген хабарламада.

Апатқа Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

«Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады полицияда.

Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →