Оған Камаладин Абылайханның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасы себеп болған
RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясы заңды тұлғаның іскерлік беделін, сондай-ақ компания басшыларының ар-намысы мен абыройын қорғау үшін «Qamalladin Media» компаниясының негізін қалаушы, кезінде блогер болып, қазір ірі медиабизнесменге айналған Абылайхан Камаладиннің үстінен сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған Абылайхан Камаладиннің Instagram әлеуметтік желісіндегі стористері себеп болған. Онда ол RAMS QAZAQSTAN басшылығын, атап айтқанда «Бұлбұл Доғанның отбасы Қазақстаннан кетіп қалды», «сыбайлас жемқорлық әдістерге барды және Қазақстанның заңнамасын бұзды» деп айыптауы себеп болған. Сондай-ақ ол «компания 10 мыңдаған адамды бақытсыз етіп, активтерді Түркияға көшіріп алған» деген жалған ақпарат таратқан.
Компанияның айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және компанияның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіреді. Осы орайда олар бұл жағдайды түсіндіріп берді.
"2021 жылы Абылайхан Камаладин NEF Uptown тұрғын үй кешенінде жылжымайтын мүлік сатып алған, ол кезде RAMS QAZAQSTAN бас мердігер ретінде қызмет етті. 2021 жылдың наурыз айында NEF компаниясының құрылтайшылары жобаны RAMS QAZAQSTAN қатысуынсыз өздері ғана жалғастыру туралы шешім қабылдайды. Осыған байланысты жобаны басқару және іске асыру толығымен NEF компаниясының басқаруына өткен. Жер учаскесі де ТОО Неф энд Рам компаниясының пайдасына иеліктен шығарылды. Сонымен бірге, NEF компаниясы заңды түрде (нотариалды куәландырылған барлық құжаттар, соның ішінде шарттар мен міндеттемелерді бұзу туралы құжаттардың көшірмелері бар) барлық кредиторлармен және несиелік міндеттемелермен есеп айырысуларды өзі жүргізуге және банк алдындағы барлық қарыздарды төлеуге міндетті өз мойнына алды. Осыған қома тұрғын үй кешенін уақытында пайдалануға беруге шарт жасасты», - деп түсіндірді компания.
Алайда 2024 жылы NEF компаниясы кредиторлар алдындағы өз міндетін орындай алмай, есеп-шоттары бұғатталып "Nef Uptown" ТК пайдалануға бере алмай қалады. Бұл уақытта жүздеген үлескер өз пәтерін күтіп отырған еді.
Осылайша, қазіргі жағдайда Абылайхан Камаладин Абылайхан RAMS QAZAQSTAN компаниясының басшылығына NEF компаниясына төлеген ақшалай қаражатты қайтаруды талап етіп отыр.
"Бұл жағдайда акционерлер сияқты RAMS QAZAQSTAN компаниясы да жәбірленуші тарап, өйткені NEF келісім-шартты бұзу кезінде келісілген қаржылық міндеттемелерін орындамаған. NEF компаниясының төңірегіндегі күрделі жағдайды ескере отырып және әлеуметтік шиеленісті болдырмау үшін RAMS QAZAQSTAN басшылығы жобаға көмектесу туралы шешім қабылдады. Осы кезде Абылайхан Камаладин RAMS QAZAQSTAN компаниясының басшылығына жобаны жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде NEF-ке төлеген қаражатты қайтаруды ұсынып, шарттарды қойды", - дейді компания.
Сонымен қатар 2023 жылдың қарашасында Абылайхан Камаладиннің компаниясымен RAMS QAZAQSTAN үшін жарнамалық қызмет үшін жыл сайынғы ақылы келісім жасады. Бұл келісім 2024 жылдың қарашасына дейін жарамды.
"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Абылайхан Камаладин өзінің Instagram парақшасында осындай материалды жариялау арқылы, сондай-ақ басқа да белгілі тұлғалар мен блогерлерді ақпаратты тартуға шақыру арқылы өзіне қолайлы жағдай жасауға тырысып жатыр. Ол өз мүддесі үшін қоғамдық пікірді манипуляциялау әдістерін қолдана отырып, жеке қаражатты қайтармақ", - дейді компанияның баспасөз қызметі.
Сонымен бірге құрылыс компаниясының өкілдері Бұлбұл отбасы құқық қорғау органдарынан қашу үшін Қазақстаннан кетпегенін жеткізеді.