×

Алматыда арнайы операция барысында ерлі-зайыпты ұсталды

Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалған

Алматыда арнайы операция барысында ерлі-зайыпты ұсталды
Видеодан скриншот

Алматыда есірткі зертханасын ұйымдастырумен айналысқан ерлі-зайыпты құрықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олар Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан пәтерін өндіріс орнына айналдырған. Мұнда ерлі-зайыптының синтетикалық есірткі затын өндіріп, бөлшек сауда үшін қаптамаға салғаны белгілі болды.

"Есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы іс-шара Алматы қаласы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің көмегімен "Қарасора" іс-шарасы аясында жүргізілді. Күдіктілер үйдің жанында ұсталды. Олар кристалданған затты, ақ түсті шөгінділері бар шыны ыдысты және ақшаны тапқан. Ал ұсталғандардың үйін тінту кезінде зертханалық жабдықтар, прекурсорларды сақтауға арналған шыны ыдыстар, магниттік араластырғыш, электр сорғылар, шыны колбалар, ноутбуктер, 265 мың теңге көлеміндегі қолма-қол ақша, ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл зат және басқа да құралдар табылды және тәркіленді", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат мефедрон есірткі заты болып шықты. Екі күдікті де Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ажал айтып келмейді».  Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды
Бүгін, 00:57

«Ажал айтып келмейді». Жарылыстан ерлі-зайыптылар қайтыс болды

Екеуі де жанармай құю бекетінде жұмыс істеген.
Құлсарыдағы «Ниет»  жанар-жағар май құю бекетіндегі өрттен зардап шеккен 14 адам шұғыл түрде Жылыой аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →