×

Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы қытайлық қыз табылды

Шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген

Алматыда жоғалып кеткен 13 жастағы қытайлық қыз табылды
Фото: polisia.kz

Көлік полицейлері жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ІІМ мәліметінше, Алматы әуежайының желілік полиция бөлімі қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті.

Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген. Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →