×

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысын өлтіріп кеткен

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысында 9-сынып оқушысын өлтіріп кеткен
Фото: ашық дереккөзден

Қайғылы оқиға 2 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңесту ауылында болған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған. Жанжал сабақтан тыс уақытта, яғни түнде болған. Оқыс оқиға салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды.

«Жанжалдасқандар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Екі күдікті анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтанның сөзінше, ұсталған балалар толық отбасыдан шыққан. Есепте болмаған.

Қазір мектепте балалар арасында қауіпсіздікті күшейту, тәртіпті қатаңдату, буллингтің алдын алу шаралары қолға алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды
Кеше, 23:20

Өскеменде полицейлер ағыс алып кеткен әйел мен баланы құтқарып қалды

Дабыл туралы ақпаратқа жедел әрекет еткен кезекші көмекшісі полиция сержанты Олжас Оразов болды.
Түрксіб аудандық сотында ер адамға қатысты сот үкімі оқылды.
Ол оң қолын, яғни сіңірін жыртып жібергенін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →