×

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды

Ол қамауға алынды

Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары ұсталды
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкиннің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкинді қамауға алды.

 «Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазір тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізеді. Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында объективті және жан -жақты тергеу жүреді», – деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды
Кеше, 18:34

Астанада бір күнде 4 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды

103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →