×

Шымкентте шетелдіктер ұсталды – ҰҚК

Соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Шымкентте шетелдіктер ұсталды – ҰҚК
Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шымкентте шетелдіктердің ұсталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Биыл тамызда ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен Шымкентте синтетикалық есірткі өндірісіне қатысты жасырын зертхананың әрекетін тоқтатты.

"Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Шамамен 4 келі "мефедрон" психотроптық заты, 50 литр прекурсор, шетел валютасында ақшалай қаражаттың ірі сомасы, сондай-ақ "синтетика" дайындауға арналған зертханалық жабдық алынды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →