×

Қабатовтың жобаларында бас қазы болатын Мажағұлов ұсталды

Салық төлеушілерге бір миллиард теңгеден астам қаражатқа түскен

Қабатовтың жобаларында бас қазы болатын Мажағұлов ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден

Астана әкімдігінің мәдениет басқармасын басқарған Болат Мажағұлов ұсталды. Ол 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Журналист Михаил Козачковтың жазуынша, нысанның ашылуы Елбасының туған күнімен тұспа-тұс келген болатын. Алайда 2017 жылдан бері субұрқақ апатты жағдайда тұр.

Тергеу барысында анықталғандай, жобадан салық төлеушілерге бір миллиард теңгеден астам қаражатқа түскен. Сонымен қатар мәдениет басқармасы оны мемлекеттік сатып алуларсыз салып үлгерген, субұрқақтың жоба-сметалық құжаттамасы жоқ және ол мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Кейін анықталғандай, «Күн» субұрқағы сапасыз материалдардан жасалғандықтан, ол пайдалануға берілмей жатып істен шыққан.

Тергеу жүргізіп жатқан ҚМА мәліметтері бойынша, бұл іске сол кездегі Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Болат Мажағұловтың тікелей қатысы бар.

Тергеу аясында Болат Мажағұловтың 3 коммерциялық нысанына, 2 автотұрағына және премиум-кластағы үйдегі пәтеріне шектеулер қойылды.

Сыбайлас жемқорлық бойынша тағы басқа күдіктілер бар, олардың қатарында фонтанды салған мердігерлік компаниялардың өкілдері де бар. Жалпы, олардың 500 миллион теңгеден астам мүлігі тәркіленді.

Айта кетейік, көпшілікке Тұрсынбек Қабатовтың әзіл жобаларында қазылар алқасының төрағасы болуы арқылы танымал.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
Бүгін, 16:56

Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Тізімге құрылысы әлі басталмаған рұқсат құжаттары жоқ нысандар кірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →