×

Алматыда «Алтын орда» базары өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр

Алматыда «Алтын орда» базары өртенді
Видеодан скриншот

Алматыдағы «Алтын орда» базарында бірнеше нысан өртенді. Бұл жайлы видеолар әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, базар аумағындағы бос тұрған ғимараттан от шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына 9:20-да аттанған.

“9 қыркүйек 9 сағат 20 минутта Алматы қаласының ТЖД күш-құралдары Наурызбай ауданы Ташкент тасжолы, 17/1 мекенжайына жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін үй-жайдың шатыры өртенгені және от оның жанындағы ломбард шатырына таралғаны анықталды. Өрт орнынан 1 газ баллоны (50 л) эвакуацияланды”, – деді қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

15 минуттың ішінде өрт оқшауланып, 09:48–де жойылды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Сауда орындарына жақын болғандықтан оқиға орнына жеке құрамның 48 құтқарушысы және 14 техника жіберілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →