×

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Астанадан табылды

Жыл басынан бері комитет заңсыз қару «бизнесімен» айналысқан 13 топты, жасырын қару істейтін 2 цехты жойған екен

Қаңтар оқиғасында ұрланған қару-жарақ Астанадан табылды
Фото: ҰҚК

ҰҚК Қаңтар оқиғасында ұрланған біраз қару-жарақ Астана мен Щучинск қалаларынан табылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz

ҰҚК мәліметінше, шілде-тамыз айларында осы екі қала арасында қару-жараққа заңсыз ие болып отырған бір топ адам ұсталған.

«Астанадағы тінту кезінде Қаңтар оқиғасында ұрланған 2 «Калашников» автоматы мен 43 оқ-дәрі, Щучинск қаласынан 7 атыс қаруы, 4 тапанша және 1500-ден астам түрлі калибрлі оқ-дәрі табылды», – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері комитет заңсыз қару «бизнесімен» айналысқан 13 топты, жасырын қару істейтін 2 цехты жойған екен. Бұл топтардан 41 автомат, 203 мылтық, 121 тапанша, 57 қол гранатасы, 44 жарылғыш зат және әртүрлі калибрдегі 11 138 патрон тәркіленген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →