×

Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына буллинг жасаған

Бейнежазба қалалық полициясының назарына ілікті

Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына буллинг жасаған
Видеодан скриншот

Астанадағы мектептердің бірінде 9-сынып оқушылары өз қатарластарын соққыға жыққан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Instagram-дағы Astana_press парақшасындағы жазбада оқиғаның Астанада Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясында болғаны айтылған.

«Мектеп оқушылары басқа балаларға үнемі қорлық көрсетеді. Бір топ ұл топтасып алып, балаларды сабайды екен. Бұл туралы мектеп директоры да, оның орынбасарлары мен мұғалімдер де біледі, алайда, еш шара қолданбайды деген ақпарат бар», – деп жазды Astana_press.

Бейнежазба қалалық полициясының назарына ілікті. Онда бір топ оқушының басқа оқушыларды ұрып-соғып жатқанын анық көруге болады.

«Аталған оқиғаға қатысы бар 9-сыныптың барлық оқушысы анықталып, ата-анасының көзінше жауап алынды. Қазір істің мән-жайы анықталуда. Тергеу  нәтижесіне сәйкес оқушылардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деді Астана қаласы «Алматы» аудандық полиция басқармасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →