×

Алматы маңында жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түсті

Жол апатынан кісі шығыны жоқ

Алматы маңында жолаушылар автобусы көпірден құлап, көліктің үстіне түсті
Видеодан кадр

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең көпірінен автобус ұшып кетіп, бірнеше адамы бар спринтердің үстіне құлаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

12 қыркүйек күні түнгі сағат он шамасында Алматы-Бішкек халықаралық жолының үстінен өтетін көпірден Қаскелең қаласына кетіп бара жатқан автобус құлап кетті. Оқиға салдарынан бірнеше шақырымға созылған кептеліс пайда болды.

Автобус көпір үстіндегі бетонды бұзып, темір қоршауды ұшып кеткен. Қоғамдық көлік Қаскелең автобус паркіне тиесілі. Үстіне автобус түскен спринтерде де жолаушылар болған.

Жол апатынан кісі шығыны жоқ.

Жүргізуші қалааралық жолаушы тасымалында тәжірибесі мол орта жастағы адам. Алдын-ала болжам бойынша жүргізушінің рөлге ие бола алмауына денсаулығы себеп болуы мүмкін, өйткені ол қант диабетімен ауырады екен. Бұны оның туыстары да растап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды
11.07.2025ж. 10:27

Алматы тауларында жоғалып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 
Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →