×

Шымкентте жасөспірімді ұрып-соққан күзетшіге сот үкімі шықты

Сотталушы кінәсін толық мойындады

Шымкентте жасөспірімді ұрып-соққан күзетшіге сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында жасөспірімді ұрып-соққан күзетшіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотта анықталғандай, айыпталушы «G.» ЖШС-да күзетші болып істеген. Ол 2024 жылдың 28 маусымында сағат 12:30 шамасында өзіне жүктелген күзет аумағын тексеріп жүріп, жасөспірімнің футбол алаңы қоршауынан асып түскенін көріп, оны ұстап алған. Баланың кешірім сұрағанына қарамастан, қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, резеңке таяқшасымен оның басы мен кеуде тұсынан бірнеше рет ұрып-соғып, денсаулығына зиян келтірген.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

“И.  ҚК-нің 252-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, күзет саласында лауазымды қызмет атқару құқығынан 2 жыл мерзімге айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды”, – делінген сот хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына ҚР ҚМ ЯК-40 ВОСВОД ұшағымен жеткізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →