×

Алматыдағы екі оқушының қазасы: білім басқармасы мәлімдеме жасады

Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен екі қыздың құлағаны хабарланған болатын

Алматыдағы екі оқушының қазасы: білім басқармасы мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Алматының Алмалы ауданында жасөспірім қыздар биіктен құлап, қайтыс болды. Білім басқармасы істің мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл факт бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Кейінірек білім басқармасы арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.

"Алматы қаласының білім басқармасы тиісті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тарта отырып, істің барлық мән-жайын зерделеу жөніндегі комиссия құрылғанын хабарлайды", - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Бұған дейін Алматыдағы көпқабатты үйдің терезесінен екі қыздың құлағаны хабарланған болатын. Куәгерлер тұрғын үй кешені маңындағы асфальттан мектеп оқушыларының денесін тауып, Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлаған. Жедел жәрдем дәрігерлері мен полиция қызметкерлері қайғылы оқиға орнына келген, алайда балаларды аман алып қалу мүмкін болмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →