×

Ұлытау облысында асырап алған балаларын құл қылған әйел сотталды

Сот шешім шығарды

Ұлытау облысында асырап алған балаларын құл қылған әйел сотталды
Фото: ашық дереккөзден

Ұлытау облысында жетімдер үйінен асырап алған балаларға мал бақтырған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Сотта белгілі болғандай, Садықова 2018 жылы 3 жетім балаға патронат болып, қожалыққа әкеп, мал бақтырған. Балалар өзіне бағынбай, жұмысты сапасыз атқарған жағдайда әйел оларды сабаған.

“Садықова заң талаптарын елемей және патронаттық келісімнің міндеттерін орындамай балаларды ауыр үй шаруасымен айналысуға, сондай-ақ Жезқазған аумағында металл сынықтарын жинауға мәжбүрлеген”, - деп хабарлайды Ұлытау облысының прокуратурасы.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен Садықова кәмелетке толмағандарды азаптау және қорғаншы өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оқиға жұмысшының лифтіде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған
Газ құбыры Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасына орнатылып жатқан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →