×

СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған

Оқушы қыздың жасы 11-де

СҚО-да үй тапсырмасын орындамаған қызды шешесі пышақтап тастаған
Фото: istockphoto.com

Солтүстік Қазақстан облысында үй тапсырмасын орындамаған оқушы қызын анасы пышақтап тастаған. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Зәкиеваның айтуынша, оқушы қыздың жасы 11-де. Баланың жағдайы ауыр.

«Алдын ала болжам бойынша үй тапсырмасын орындамаған 11 жастағы қызын анасы пышақтап тастаған. Дәрігерлер баланы аудандық ауруханадан облыстық ауруханаға апарды. Қыздың жағдайы ауыр. Қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Бұл істі аймақтық уәкіл өз бақылауына алды», - деп хабарлады Динара Зәкиева.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

Бала құқықтары жөніндегі аймақтық уәкіл оқиғаның мән-жайын баяндады. Сұрағанованың айтуынша, 11 жастағы қыз бала үй тапсырмасын орындамай, дәптерге дұрыс жазу жазбаған. Анасы соған ашуланып, оған жекіген. Артынша өз қызының санына пышақ сұғып алған.

«Қазір баланың жағдайы жақсарды. Облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оның ата-анасы алты бала өсіріп отыр, ата-әжесімен бірге тұрады», - деп жазды ол.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті осы оқиғаға қатысты ресми мәлімет таратты. Әкімдік пен комиссия ананы қалған балаларынан шеттету туралы шешім қабылдаған.

«Кәмелетке толмаған бала ауруханада жатыр. Оған психологиялық көмек көрсетеміз. Білім басқармасы арнайы комиссия құрды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы мен әкімдік ананы қалған балаларын үйде тәрбиелеуден шеттету туралы шешім қабылдады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - делінген комитет хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →