×

«Бәрін тексереміз»: Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 13 күдікті ұсталды

Қазір бұл шулы іске қатысты13 айыпталушы ұсталды

«Бәрін тексереміз»: Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 13 күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Қызылордада сыныптастары қорлаған оқушы қыздың ісіне қатысты тергеу туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министрдің сөзінше, қазір бұл іске қатысты13 айыпталушы ұсталды.

«Олардың екеуі үйқамаққа алынды. Қазіргі таңда бірқатар баптар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұдан басқа ештеңе айта алмаймын. Себебі іске қатысты мәліметтер тергеушінің құзыретінде», – деді Лепеха.

Оның айтуынша, 16 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендер мен зорлық-зомбылықты тікелей ұйымдастырғандар қамауға алынды.

Вице-министр ұсталғандардың қаншауы кәмелеттік жасқа толмағандар екенін айтпады.

«Тергеу бұл мәселені қарап жатыр.  Біз қыз қабылдаған адамдардың барлығын тексереміз», – деді Лепеха.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?
Бүгін, 21:45

Шерзат Болаттың үйі өртенді: облыс прокуроры кімдерге ескерту жасады?

Алматы облысының прокуроры Берік Адамов барлық тергеу әрекеттері Бас прокуратураның бақылауында екенін атап өтті.
Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады
Аймағамбетов кінәлілерге қарсы зорлық-зомбылық таныту мәселені шешпейтінін ескертті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →