×

Аягөз гарнизонында көз жұмған офицердің өлімі – Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

Офицердің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған

Аягөз гарнизонында көз жұмған офицердің өлімі – Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
Фото: istockphoto.com

Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы, әділет полковнигі Тілеухан Басхожаев Аягөз гарнизонында алдын ала болжам бойынша өзіне қол жұмсап қаза болған 26 жастағы офицердің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, марқұм Аягөз гарнизонына екі жылға шақырылған. Алтыншы қыркүйекте әскери бөлімнің тізіміне енген.

«Офицер далалық жұмыспен байланысты емес қаржылық қызметте лауазым атқарған. Қоныс аударуына байланысты барлық өтемақыны, ақшаны алды. Кеше соңғы рет әкесімен сөйлескен, әскери қызметке ешқандай шағым түсірмеген. Мүмкін, Аягөз гарнизонына көшуіне, яғни орын ауыстыруына байланысты психологиялық әсер болған шығар. Қазір енді біз болжам жасамай-ақ қояйық. Тергеуші әріптестеріміз мән-жайды анықтайды.  Біз оның ата-анасына, отбасына көңіл айтамыз. Бұл дұрыс емес. Біз шетте қалмаймыз, барлық қажетті тергеу амалдары жүреді», - дейді Басхожаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Офицердің өлімі бойынша Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бүгін Қорғаныс министрлігіне қарасты Аягөз гарнизонында офицердің көз жұмғаны хабарланды. Гарнизонның баспасөз қызметі әскери қызметкер өз үйінде суицид жасады деген ақпарат таратты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →