×

Қазақстанда жедел-жәрдем қызметінің уақыты қысқарады

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды

Қазақстанда жедел-жәрдем қызметінің уақыты қысқарады
Фото: ашық дереккөзден

Енді науқастың созылмалы ауруы қозып, денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп төнбесе түннің ортасында жедел-жәрдем шақыра алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ашық НҚА порталына «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жаңа жобасы жарық көрді. Құжат 10 қазанға дейін талқыланады.

«Шұғылдықтың 4-санатына шақыртулар келіп түскен кезде ЖМК станциясының диспетчері автоматтандырылған басқару жүйесі арқылы шақыртуларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі – МСАК ұйымдары) мобильді бригадаларына олардың жұмыс уақытында (жұмыс күндері сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін) береді.

МСАК ұйымына қайта жіберілуге жататын шақыруларды тіркеу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 8.00-ден 12.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Жеделдіктің 4 - санатын шақыру дегеніміз - пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі», - делінген құжат сипаттамасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →