×

15 жыл бойы қашып жүрген: банк директорының экс-орынбасары Түркияда ұсталды

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді

15 жыл бойы қашып жүрген: банк директорының экс-орынбасары Түркияда ұсталды
Фото: polisia.kz

Он бес жыл бұрын Қазақстанда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде болған әйел Түркияда ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Белгілі болғандай, ол 2009 жылы Ақтау қаласындағы банктердің бірінде директор орынбасары қызметін атқарғанда жылжымайтын мүлік сатып алу үшін 200 мың доллар мөлшерінде несие алу туралы өтінішпен қаржы ұйымына жүгінген. Ақшаны алу кезінде әйел қарыз алушының қолтаңбасын қолдан жасап, артынан жасырынған.

«Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы түрік әріптестерімен бірге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған 42 жастағы әйелді Анталья қаласында ұстады», – деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.

Ұсталған адам Қазақстанға жеткізілді. Қазір қамауда отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →