Полицейлер барлық қатысушыларды анықтады
Қыздардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жазаланады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алматы облысының Қарасай ауданында 15 жасар оқушыдан ақша бопсалаған жасөспірімдер анықталған. Бұл туралы аймақтың полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов хабарлады.
Әлеуметтік желіде зорлық-зомбылық жасаушы оқушының бетінен ұрып, қолынан және шашынан ұстап тұрған бейне пайда болған. Полицейлер барлық қатысушыларды анықтады.
«Тергеу барысында кәмелетке толмаған қыздардың құрдасына психологиялық қысым көрсетіп, одан ақша талап еткені анықталды. Құқық бұзушылардың жасын ескере отырып, полиция ата-аналарын балаларды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізді», - деді ПД бастығы.
Іс материалдары одан әрі қарау үшін сотқа берілді.