×

Ербаян Мұхтар бүгін Түркияға ұшып кетті

Бұл туралы отбасының қорғаушысы Инга Иманбай мәлімдеді

Ербаян Мұхтар бүгін Түркияға ұшып кетті
Фото: ашық дереккөздерден

Әскерде жүргенде басынан ауыр жарақат алып, комаға түскен Ербаян Мұхтарды жақындары емдету үшін Түркияға алып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы отбасының қорғаушысы Инга Иманбай мәлімдеді.

«Ербаян Ыстамбұлға жолға шықты. Ұшақ бүгін таңғы сегізде Астанадан ұшты. Бұл күнге жету де оңайға соққан жоқ. Тоқтаусыз күрес, талмай еңбекпен келді. Бастысы, кеңпейіл халқымыздың мейірімі мен жанашырлығының жемісі. Ербаян, мықты бол! Бұл жартылай жеңіс! Бұйырса үлкен жеңістер алда. Сенің бар өмірің алда. Аман-есен елге өз аяғыңмен оралуыңды күтеміз», - деп жазды ол желідегі парақшасында.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Алматыдағы 5571 әскери бөлімнің ұлттық гвардиясында қызмет еткен Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұған сенбейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →