×

Бишімбаевтың экс-әйелі оны ата-ана құқығынан айырғысы келеді

Назым Қаһарман сот шешімін түсіндірді

Бишімбаевтың экс-әйелі оны ата-ана құқығынан айырғысы келеді
Фото: instagram.com/nazymkakharman

Сот азаматтық некедегі жарын өлтіргені үшін сотталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырмаған. Балалардың анасы Назым Қаһарман сот шешімін түсіндірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Назым Қаһарманның айтуынша, сот Салтанат Нүкеновамен Қуандық Бишімбаевтың некесі заңды түрде тіркелмегендіктен, Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартқан.

«Сотта Салтанат балалардың отбасы мүшесі ретінде қаралмайтыны айтылды. Заң бойынша Бишімбаев балалардың отбасы мүшесін өлтірген жағдайда ғана ата-ана құқығынан айырылады екен. Сот балаларымның Салтанатпен қарым-қатынасын, олардың беташарда, құдалықта болғанын, кейіннен жақсы араласқанын ескермеді. Бишімбаевтың балалардың көзінше Салтанатпен жанжалдасқаны туралы да сөз болмады. Балалар «әкесінің әрекетінен психологиялық зардап шекпеген» деді. Себебі сотта оларға психология зардап шеккізетін ақпаратты судья Көлбаева (Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты істі қараған судья) қосқан екен», – деді Қаһарман.

Оның айтуынша, сотқа дейін үйіне қамқоршы-қорғаушы органның өкілдері келіп балаларымен сөйлесіп, Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру керек екенін айтқан. Дегенмен прокурор бұл оймен келіспеген. Балалардың психологиялық жағдайына баға беру туралы өтініш те қаралмаған.

«Сот барысында психологиялық сараптама тағайындауды сұрадық. Алайда сот пен қамқоршы-қорғаушы орган бұған қажеттілік жоқ деп атады. Себебі бұл сұрақтарды қойғанда, балалар оқиғаны қайтадан еске алады деп есептеді. Олар тергеу барысында балалардан тек тегін өзгерту туралы сұраймыз дегенімен, оқиға туралы толыққанды қайта сұрап, 2-3 сағат тергеуге алынды», – деді құқық қорғаушы Мадина Уапбекова.

Адвокаттың айтуынша, Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты істі ашық түрде қарау туралы шешім қабылдаған кезде балаларының жағдайын ойламаған.

Бұған қоса, Назым Қаһарман балаларының тегін өзгерту туралы өтініш берген. Бастапқыда Бишімбаев келісімін бермеген. Дегенмен сот отырысынан кейін, балалардың тегін өзгертуге келісіп, қолхат жазып берген.

Қаһарманның сөзінше, сот Бишімбаевтан алимент алу мәселесін де қараған. Ол өзінің алименттен бас тартқанын айтқан. Себебі Бишімбаевтың алимент қарыздары болған. Сондай-ақ Қаһарманға алимент төлеу бойынша бірнеше талап қойған. Яғни балалар Бишімбаевтың өзімен және ата-анасымен кездесіп отыруы керек болған. Қаһарман бұған келіспеген және балалардың олармен кездесуді қаламайтынын айтқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті
Сирек кездесетін жануар 20 қараша күні автокөліктің жүк салғышынан табылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →