×

Ақтауда декреттік демалыста болған әскери өз үйінен өлі табылды

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған

Ақтауда декреттік демалыста болған әскери өз үйінен өлі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қорғаныс министрлігіне қарайтын Ақтау гарнизонында келісімшарт бойынша қызмет ететін 39 жастағы әскери қызметші өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оқиға 28 қыркүйекте болған.

«Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде келісімшарт бойынша қызмет ететін 1985 жылғы әскери қызметшінің денесі табылды. Әскери қызметші бір жылға жуық уақыт декреттік демалыста болған. Алдын ала ақпарат бойынша әскери қызметшінің өзіне қол жұмсауына отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп болған. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - делінген Ақтау гарнизонының хабарламасында.

Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Қазір аталған жайтқа қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тиісті сараптама тағайындалды. 
103 қызметінің пультіне бір күн ішінде «баланың құлауы» деген себеппен төрт түрлі шақырту түскен.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →