×

Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды

Тақталар өндірісінде отандық шикізаттық компоненттер қолданылады

Семейде Қазақстандағы алғашқы фиброцементті қасбеттік тақталар шығаратын зауыт ашылды

Бүгін Семей қаласында Қазақстандағы алғашқы фиброцементті тақталар шығаратын «Семей Құрылыс Материалдары» ЖШС зауытының ашылуы өтті. Ашылу рәсіміне қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фиброцементті қасбеттік тақталар өндірісінің іске қосылуы заманауи материалмен Қазақстанның барлық аймақтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыттың өндірістік желілері озық жабдықтармен қамтамасыз етілген және халықаралық сапа стандарттарына сай келеді. Өндірістік қуаты жылына 2 000 000 м² фиброцементті тақта шығаруға мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта Семей қаласында көптеген жаңа ғимараттар бой көтеруде. Жергілікті құрылыс материалдарын пайдалану біз үшін өте тиімді. Өнімнің сапасы да жоғары деңгейде екенін көріп тұрсыздар. Зауыт көптеген адамдарды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Семейде жаңа жұмыс орындарының ашылып жатқанына қуаныштымын», – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, тақталар өндірісінде отандық шикізаттық компоненттер қолданылады. Зауыт 100-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →