×

Астанада 63 жастағы әйел дүкеннен бриллиант ұрлап, қолға түсті

Полиция дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр

Астанада 63 жастағы әйел дүкеннен бриллиант ұрлап, қолға түсті
Видеодан скриншот

Ақмола облысынан келген 63 жастағы әйел адам Астанадағы дүкендердің бірінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын бриллиант жүзік ұрлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қалалық полиция департаменті ұрлықтың видеосын жариялап, дүкен иелеріне камера орнату керегін ескертіп отыр.

«Зергерлік бұйымдар сататын дүкеннің иесі бутигінен құны жарты миллион теңгеге жуықтайтын гауһар тасты алтын жүзік жоғалғаны туралы арыз жазды. Дүкендегі бейнетаспаны қараған Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бриллиант жүзікті Ақмола облысының 63 жастағы тұрғыны ұрлап әкеткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.

Белгілі болғандай, 63 жастағы әйел адам өзіне алтын жүзік іздеп жүріп, осы дүкенге кірген. Сатушы басқа адамдармен сөйлесіп тұрғанда, қолына тағып көрген жүзікті қалтасына басқан. Қазір тергеу жүріп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Бүгін, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →