×

Прокуратура: Астанада заңсыз салынған тұрғын үйлер анықталды

Астанада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлер анықталды

Прокуратура: Астанада заңсыз салынған тұрғын үйлер анықталды
Фото: istockphoto.com

Елордада заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің 37 құрылыс нысаны анықталды. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.. 

Ресми дерекке сәйкес Астанада 37 заңсыз салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй анықталды. 

«Жекелеген компаниялар үлескерлердің ақшасын заңсыз тартады. Осы негіздер бойынша ағымдағы жылы аталған бұзушылықтар үшін ӘҚБтК-тің 320-бабымен 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істертергелуде», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Астана қаласының прокуратурасы тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу келесі тәсілдердің бірімен ұйымдастырылатынын еске салады: 

1) Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының (Қазақстан тұрғын үй компаниясы) кепілдігін алу; 

2) екінші деңгейдегі банктің жобасына қатысу; 

3) ғимараттың қаңқасы салынғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.

«Азаматтардың қаражатын басқа тәсілдермен тартуға тыйым салынады (алдын ала брондау шарты, брондау, инвестициялау, талап ету құқығын басқаға беру). Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алмас бұрын, құрылыс салушының сенімділігін тексеріңіз. Ол үшін сілтемені басу арқылы салынып жатқан объектілерге кепілдік беру шарттарының тізілімімен («Кепілдік объектілері» қойындысы), сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы шығарған кепілдік сертификаттарымен танысуға болады («Сертификаттар» қойындысы). Егер Cіз жосықсыз әзірлеушіге тап болсаңыз 71-24-87 нөміріне қоңырау шалыңыз», – деп ескертеді прокуратура хабарламасында.

Жаңа соғылып жатқан үйден пәтер сатып алам десеңіз, құрылыс салушының сенімділігін осы сілтеме арқылы тексеріп көре аласыз. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →