×

Қарқаралыдағы дала өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Дала өрті 45 мың гектар жерге тарап үлгерген

Қарқаралыдағы дала өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды
Видеодан скриншот

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы және Павлодар облысының Баянауыл табиғи паркіндегі дала өрті 45 мың гектар жерге тарап үлгерген. Қарқаралы ауданы әкімі аймақта төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 техника, Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылған. Күш 4 жауынгерлік учаскеге бөлінген. Бұдан бөлек Ұлттық Ұлан, Кувский орманшылығы, ақмолалық құтқарушылар мен әскери бөлімдер көмекке келген.  

«Қатты екпінді жел, таулы жер және өрт ошақтарына кірме жолдардың болмауы өртті сөндірудің жолдарын қиындатуда. Өртті сөндіруге Қарағанды облысының департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштерінен құралған 386 адам, 64 техника, әуе кемелер жұмылдырылуда», – дейді Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Роллан Есмағанбетов.

Бұған дейін Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру кезінде ТЖД қызметкері Хали Хайраттың қаза тапқанын жазған едік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Бүгін, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →