×

«Өтінішім бар, халқым»: марқұм Шерзаттың әкесі үндеу жасады

Қаржаубай Нұрымов ақылы түрде адвокат жалдауға тура келетінін айтты

«Өтінішім бар, халқым»: марқұм Шерзаттың әкесі үндеу жасады
Видеодан скриншот

Талғарда қылмыскерлер өлтіріп кеткен Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов әлеуметтік желі арқылы үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті, Қазақ елі! Сіздердің алдарыңызда басымды ием! Мені қолдап, балам үшін үн қосып, қол ұшын беріп жатқандарыңызға көптен-көп рақмет! Қазір мен Қонаевтағы Алматы облысының полиция департаментінің ғимаратына келдім. Ол жерде іс оң жағынан қаралып жатыр. Бізге адвокаттар келіп, көмектесуде. Марқұм болған Салтанаттың (Нүкенова) ағасының (Айтбек Амангелді) көмегі бар. Ол кісіге де ерекше рақмет! Алғысым шексіз. Өтінішім бар, халқым. Ешқандай митингіге, қантөгіс болмасын. Мен бар жерде бір шоғырланған адамдар келіп, сол сәтті менің дұшпандарым пайдалануы мүмкін. Көтеріліс жасап, мені аяқтан шалып, бауырыма қастандық жасау үшін сондай болуы мүмкін. Сол себепті халқым өтініп сұраймын, ешқандай көтеріліс емес, өз қағидам: заң аясында дұрыс, әділ шешім сұраймын. Артық ештеңе сұрамаймын. Шындығы керек, қандай да бір ақпараттар болып жатса, өзім ғана бөлісемін. Видеожазбаға, аудиожазбаға, суреттер, фотоларға сенбеңіздер», - деді Қаржаубай Нұрымов.

Қаржаубай Нұрымов ақылы түрде адвокат жалдауға тура келетіні, өзі үшін қорықпайтынын мәлімдеді. 

«Кім келсе де, қандай жағдай болсын сөйлесе алам, өз басыма жауап бере алам. Ал отбасымның жеке қауіпсіздігі уайымдатады. Мені бір емес, бірнеше рет қорқытты. Алып кеткен жағдай болды. Телефонмен де. «Заңгерміз, адвокатпыз, бірге оқып едік» деп келіп, алдап, мені далаға шақырып алып, қорқытқаны рас. Халқымнан сұрайтыным – еш қан төгілмесін. Ашық сот болуын талап етем. Ашық сот болса, оң шешім болады. Еш араңдатуға түспеңіздерші. Аналар жыламасын, балалардың қаны төгілмесін. Бауырларым, жігіттер, арандамайықшы, алданып қалмайық. Жоғарыдағы ағалар да заң аясында қолға алып жатыр. Ертең Астанадан, ІІМ-нен адам келеді деп айтылды. Сол айтарым. Балам өлді. Енді мен басқа балалардың болашағы жақсы болсын деп тілеймін. Ниетім де, арманым да осы», - деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →