×

«Үйде жалғыз жатқанын пайдаланған» – Алматыда маскүнем 11 жасар қызды зорлап кеткен

Оқиға болғаннан кейін қызға анасын өлтіремін деп қорқытып, ешкімге айтпауды талап еткен

«Үйде жалғыз жатқанын пайдаланған»  –  Алматыда маскүнем 11 жасар қызды зорлап кеткен
Фото: ktk

 Алматыда маскүнем ер адам күндіз бір үйге кіріп, 11 жасар оқушыны зорлап кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Жеткіншектің  анасының айтуынша, қашып құтылмақ болған қаршадай қызға маскүнем ойына келгенін істеген. Сол сәтте аспаз болып күн көріп жүрген анасы жұмыста, әпкесі сабақта болған. Екінші ауысымда 6 сыныпта оқитын кіші қызы үйде жалғыз қалған.  11 жастағы жасөспірімнің таңертең жалғыз қалатынын қаскөй білген көрінеді. Оқиға болғаннан кейін қызға анасын өлтіремін деп қорқытып, ешкімге айтпауды талап еткен.

«Кім-кім тұрасыңдар деп оның бәрін білген. Ол үйде емін-еркін жүрген. Жуынған. Қызыма «реніш болмасын» деп әңгімесін айтқан. Қызым құлыпты аша алмапты»  – дейді жеткіншектің анасы. 

Анасының айтуынша, ескі есікке жаңа құлып салынғанымен, іштен тек ересек адамның ғана жабуға шамасы жетеді. Бұл отбасының осы үйге көшіп келгеніне 15 күн ғана болған. Бір бөлмені 70 мың теңгеге жалдап тұрған. Мұнда жапсарлас орналасқан өзге үйлер де бар. Солардың бірінде маскүнем жарты жылдай тұрыпты. 

«Бұрын сол пәтерде маскүнем тұрып кеткен. Арақ ішіп, мазасын алғаннан кейін үй иелері шығарып жіберген. Бұрынғы тұрған жеріне барып бір-екі сағат ұйықтап алайын деп кіріп, сол сәтте осындай жағдай болды ма екен деп ойлаймын»  – дейді тұрғындардың бірі.

Күдікті қашуға да тырыспаған сияқты. Дереу жеткен тәртіп сақшылары бір сағатқа жетпей оны қолға түсірген. 

 «Ол азамат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128 бап нормалары бойынша қамауға алынып, қазіргі таңда уақытша оқшаулау абақтысында. Қылмыстық кодекстің 120 бап 4 тармағы бойынша, яғни кәмелет жасқа толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →