×

Шуда есірткінің үлкен партиясы бар екі адам ұсталды

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды

Шуда есірткінің үлкен партиясы бар екі адам ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл қызметкерлері "Қарасора" операциясы барысында Жамбыл облысы Шу ауданының құмды аймағында қарасора жинаумен айналысқан екі ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Күдіктілерден 500 кг-ға жуық кептірілген каннабис бұталары мен 9 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Қарасора" операциясының төрт айында ішкі істер органдары 1315 есірткі қылмысын анықтады. Заңсыз айналымнан 17 тоннадан астам есірткі тәркіленді.

Қызылорда, Алматы, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында Ұлттық ұланның тікұшақтарымен барлау жүргізілді. Онда 25 есірткі егісі анықталды.

Жалпы салмағы 2,5 тонна болатын 15 мыңнан астам қарасора бұталары жойылды. 11 күдікті ұсталып, қамауға алынды.

"Полиция азаматтарды күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →