×

Ақтөбеде дәрігер қызды зорлап, пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Ақтөбеде дәрігер қызды зорлап, пышақтап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дәрігер қызды зорлап, қатыгездікпен өлтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Айыпталушы Қылмыстық кодекстің төрт бабы – кісі өлтіру, зорлау, тұрғын үйге заңсыз басып кіру, полицейдің өміріне қол сұғу бойынша кінәлі деп танылды.

Жантүршігерлік қылмыс осы жылдың 22 сәуірінде Ақтөбеде болды. Іс материалдарынан белгілі болғандай, жергілікті тұрғын танысының пәтеріне балкон арқылы кіріп, оны зорлап, қылмыс ізін жасыру үшін дәрігер қызды пышақтап кеткен. Артынша ер адам балконнан секіріп, қашып кетуге тырысқан. Өзін тоқтатуға тырысқан полиция қызметкерін де жарақаттаған.

Сотталушы кісі өлтіргенін және қыздың пәтеріне заңсыз кіргенін ғана мойындады. Ер адам қызға үйленгісі келетінін алға тартып, оны зорлағанын жоққа шығарды. Бұдан бөлек ол артынан қуған адам полиция қызметкері екенін білмедім деп отыр.

Сот ер адамды барлық бап бойынша кінәлі деп тауып, ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан басқа сотталушы марқұмның отбасына моральдық және материалдық өтемақы төлейді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →