×

Ақтауда жасөспірімдер аутизммен ауыратын баланы ұрып тастады

Аутизммен ауыратын баланың нашар сөйлейтінін біле тұра ауладағы балалар оны ұрып тастаған

Ақтауда жасөспірімдер аутизммен ауыратын баланы ұрып тастады
Сурет: InAktau.kz

Ақтауда 13 шағын ауданның аулаларының бірінде жасөспірімдер аутизм спектрі бұзылған баланы ұрып-соғып, бас жарақатын салған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі InAktau.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым бұл оқиға 10 қазан күні кешке болғанын жазады.

"Аутизммен ауыратын баланың нашар сөйлейтінін ауладағы балалардың бәрі біледі және  олармен бірге жақсы ойнайтын. Сол күні ол аулаға ойнауға шыққан. Шамасы, басқа ауладан келген балалар оның көзілдірігін шешіп алған. Оның көру қабілеті нашар. Минус 4,5. Содан кейін оны ұрып тастайды. Ал ол олардан қашып бара жатқанда, олар бір нәрсені басына лақтырып жіберген. Оның қазір басында ауыр жарақаты бар. Немерем қазір өте күрделі психологиялық күйде", – дейді баланың әжесі.

Ал баланың анасы оның аутизмнің ADS диагнозымен ауыратынын айтты. Ол қазір мектепте тьютормен бірге оқиды екен.

"Ол енді ғана өз шеңберінен шығып, өзге балармен сөйлесіп, ойнай бастап еді.  Енді ғана өзгелермен қарым-қатынас жасауды үйреніп жатқанда, осындай ауыр жарақат алып қалды. Біз кейбір бұзақылардың алдында сондай қорғансызбыз. Бұл қорқынышты!",- дейді анасы.

Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаның барлық мән-жайларын зерттеп жатқанын хабарлады.

"Полицейлер бейне бақылау камераларынан мән жайды анықтап жатыр. Іс ІІБ басшылығының бақылауында", - деп түсіндірді ведомстводағылар.

Зардап шеккен баланың туыстары ұрып-соғу куәгерлерінен полицейлерге сол күні кешке не болғанын айтуды сұрайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →