×

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті

Туған-туыстары марқұмның жеті күндік садақасына дайындалып жатқан

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті
Видеодан кадр

Бүгін түнде Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзаттың үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Түнде маған жәбірленушілердің туыстары қоңырау шалып, Талғарда өлтірілген 16 жасар Шерзаттың ісі жәбірленушілеріміздің үйі өртеніп жатқандығы туралы хабарлады», - деп жазды Саида Тәукелева Instagram парақшасында.

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерхат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады.

“Келіп түскен арызға сәйкес, 4 қазанға қараған түні Талғар ауданында қаза тапқан кәмелетке толмаған баланың отбасы күзетпен қамтамасыз етілген.Отбасының тұрғылықты жері бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерінің тарапынан тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды”, – делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ полиция Qaz365.kz тілшісіне тағы бір ақпаратты нақтылады. Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үй Шерзат Болаттың отбасы тұратын үйі, өрт болған түні туғандары Талғар қаласындағы туыстарының үйінде болған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сарандағы барлық үй жылуға қосылды
Кеше, 10:20

Сарандағы барлық үй жылуға қосылды

Жылу көздері қажетті отынмен қамтамасыз етілген
Оқиға Алатау ауданында болған  
Оқиға 17 қазан түнгі үштер шамасында орын алған
Оқиғы Сырым ауданы  Бұлдырты ауылында болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →