×

«Мақсатымыз митинг емес – әділ сот шешімі»: Шерзаттың әкесі мен Салтанаттың ағасы үндеу жасады

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады

«Мақсатымыз митинг емес – әділ сот шешімі»: Шерзаттың әкесі мен Салтанаттың ағасы үндеу жасады
Видеокадр

Талғарда қылмыскерлер өлтіріп кеткен 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың әкесі мен марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мәлімдеме таратты. Олар жұртшылықты митингке шықпауға үндеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз Шерзаттың әкесі Қаржаубай екеуіміз 14 қазан күні ешқандай митингіге шығудың қажеті жоқтығын баса айтқымыз келеді. Митингтің шығудың қажеті жоқ. Қазір тергеу толыққанды жүргізіліп, сараптамалар жасалып жатыр. Бұл митинг бүкіл іске, тергеу амалдарына кедергі келтіруі мүмкін. Оның үстіне олай етудің мағынасы болмайды. Отбасы ешқандай ақша жинауды қажет етпейді. Біз қазір бүкіл жағдайды бақылап отырмыз, – деді Айтбек Амангелді.

Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 14 қазан күні ешқандай митингке шығып, қантөгіс жасаудың қажеттігі жоқтығын мәлімдеді. 

«Менің қазіргі мақсатым – баламның өліміне қатысты әділетті сот шешімі. Тергеу жүргізіледі. Елдер келіп жатыр. Марқұм Салтанаттың бауыры да келді. Халықтың қолдауына алғыс айтамын. Көп рақмет! Қазір митинг баламның ісінің жүргізілуіне кедергі келтіреді. Саналы ел болуымыз керек. Әр нәрсеге объективті қарауымыз керек. Қантөгіспен ештеңе шешілмейді. Қан кез келген жағдайда төгіледі. Менің қалауым – балам үшін әділ тергеу, ашық сот. Соңына дейін барамын. Менің мақсатым – біреуді атып, пышақтап, төбелесу емес. Көңіл, ниеттеріңізге рақмет! Бірақ мен үшін ақша жинаудың қажеті жоқ. Балам үшін ақша жинап алғысы келіп жүрген адам емеспін. Өзім үй салып аламын. Баламды өзім жерлеймін. Мен де ер азаматпын, – деді Шерзаттың әкесі. 

Айта кетейік, бұған дейін әлдекімдер марқұм Шерзат Болаттың Еңбекшіқазақ ауданы, Азат ауылындағы үйін өртеп жіберген. Алматы облысының әкімдігі баспанасын өрт шалған Шерзат Болаттың отбасына тұрғын үйді қалпына келтіруге көмектесетін болды.

Алматы облысы ПД тәртіп сақшылары тарапынан қаза тапқан 16 жасар Шерзат Болаттың отбасы тәулік бойы күзетілетінін хабарлады. Қылмыстық iс Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бақылауына алынды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →