×

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды

Денесінің 80% күйіп кеткен

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды
Ашық дереккөздерден

Семейде қоқыс жәшігінен табылған сәби көз жұмды. Бұл туралы Қазақстанның Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Қыз бала 19.40-та жан тапсырды. Денесінің 80% күйіп кеткен. Абай облысындағы бала құқығына жауапты өкілмен, іс бойынша облыс прокурорымен байланыстамын», - деп жазды ол.

Сәби ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Оны құтқару мүмкін болмады.

Қаланың шағын аудандарының бірінде жанып жатқан қоқыс жәшігінде жаңа туған қыздың денесі табылғаны бүгін хабарланған еді. Жергілікті жұртшылықтың бірінің хабарлауынша, сәби жасы тіпті бір күннен аспайды. Олар оны күндіз сағат 12-де тауып, дереу реанимацияға жатқызған.

Абай облысының прокуратурасы бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Істі аймақ прокуроры бақылауына алған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →