×

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің мәйіті табылды

Әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған

Шахтинск қаласында әскери қызметшінің мәйіті табылды
Фото: pexels.com

Шахтиск қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде әскери қызметшінің денесі табылды. Ол өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы оқиға бойынша ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6505 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметшінің денесі өзі тұрып жатқан пәтерден табылған.

«Ағымдағы жылдың 13 қазанында Шахтинск қаласында қызметтен тыс уақытта өзі тұрып жатқан пәтерден келісім шарт бойынша әскери қызметшінің денесі табылды. Болжамды ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде өзіне қол жұмсаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады
Кеше, 15:23

Прокурор Берденовті атқан Жиенбайға қанша жыл сұрады

Прокурор бүгінгі сотта Шымкент қаласы әкімі Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиенбайды ұзақ жылға соттауды судьядан сұрады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов судьядан Ернар Жиенбайды әділ жазалауды талап етті
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов бүгін сотта денсаулығы жайлы да алыпқашпа әңгімелерге жауап берді
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов өзін атқан Ернар Жиенбайдың әйелін мүлде танымайтынын, оның парақшасына лайк баспағанын мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →