×

БҚО-да қаңғыбас иттер кішкентай қызды талап тастаған

Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр

БҚО-да қаңғыбас иттер кішкентай қызды талап тастаған
Фото: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында қаңғыбас иттер қыз баланы қауып алған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі uralskweek.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсай қаласы әкімі аппаратының Telegram каналының мәліметінше қаланың солтүстік бөлігіндегі балалар алаңы аумағында кішкентай қызға иттер шабуыл жасаған. 

Ойын алаңының аумағында (Алексеева көшесі, қаланың солтүстік бөлігі) иттер қызға шабуыл жасады. Жедел жәрдем шақырылд, – делінген хабарламада. 

Бала бірнеше жерінен жарақат алған. Алғашында жансақтау бөліміне түскен қыз қазір хирургия бөліміне ауысты. 

Қабылдау кезіндегі травматикалық шок белгілерін ескере отырып, бала реанимация бөлімшесіне жатқызылды, емдеу кезінде жараларды хирургиялық емдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл егу жұмыстары жүргізілді. Жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақталып, хирургия бөліміне жатқызылды» – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазір қыздың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды
Бүгін, 11:29

Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды

Желтоқсан – наурыз аралығында облыс аумағында 13 қылмыс жасаған
Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Талғар қаласындағы Шерзаттың қайтыс болуына байланысты «Қамажай» дүкеніндегі оқиға қайталана жаздады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →