×

Депутат Тұрлыхановтың ұлы үй қамағы ережесін бұзды

Видеоға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді

Депутат Тұрлыхановтың ұлы үй қамағы ережесін бұзды
Сурет: Egov.press

Желіде мәжілісмен Тұрлыхановтың бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған ұлы түнгі уақытта серуендеп жүрген видеосы тарап кетті. Видеоға Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"Екі жылға бас бостандығын шектеуге сотталған Нұрасыл Болат басқа қалада түнгі уақытта жайбарақат серуендеп, ойын-сауық орындарындағы салтанатты іс-шараларға қатысады. Ең қызығы, ол жазасын Астанада өтеп жатыр, ал іс - шара Алматыда өткен болатын", - делінген видеодағы хабарламада. 

ҚАЖК баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған факті бойынша сотталған адамға ескерту жасалды. 

"Бұл сотталған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтейді және Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұрады. Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға ескерту жасалды, жазаны ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалуда”, – деді ҚАЖК баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →