×

«Анасы қалаға кетіп қалған»: Жітіқарада өрттен өлім құшқан бес баланың ісі жайлы тың дерек айтылды

Үйге 1995 жылғы азамат келіп, кешкі сағат тоғызда үйдің пешін жағып кетіп қалған

«Анасы қалаға кетіп қалған»: Жітіқарада өрттен өлім құшқан бес баланың ісі жайлы тың дерек айтылды
sputnik.kz

Жітіқарада өрттен өлім құшқан бес баланың ісі жайлы тың дерек айтылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің айтуынша, бір ананың балалары болғанымен, бес баланың әкелері бөлек болған.

“Бір күйеуінен екі, екіншісінен үш баласы болған. Ең кішкентай баласы бір жасқа мамыр айында ғана толған. Сол кезде оған көпбалалы “Күміс алқа” статусы берілген. Жазда анасы бірінші күйеуінен алимент ретінде 300 мың теңгеден артық ақша алған. Тоқсанына бір рет оған 290 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Яғни, жап-жақсы ақша алып отырған”, – дейді министр.

Светлана Жақыпова балалары көз жұмған әйел дүкенде тазартушы болып жұмыс істеген. 

“Бірақ сол түні ол қалаға кетіп қалған. Қандай себеппен кеткенін тергеу органдары біледі. Себебін мен білмеймін. Бір факт: үйге 1995 жылғы азамат келіп, кешкі сағат тоғызда үйдің пешін жағып кетіп қалған. Оған үйді жылытып қоюды балалардың анасы тапсырған”, – дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →