×

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: трагедия жайлы жаңа мәліметтері белгілі болды

Анасы жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген

Жітіқарадағы бес баланың өлімі: трагедия жайлы жаңа мәліметтері белгілі болды
Фото: ашық дереккөзден

Жітіқарада өрт шыққан үйде көз жұмған бес баланың оқиғасы жайлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тың мәліметтерді айтты. Оның сөзінше, қайғылы оқиға болған күні анасы балаларын жалғыз қалдырып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Министрдің сөзінше, анасының өтінішімен өрт болған үйге кешқұрым 1995 жылғы ер адам келіп, от жағып беріп кеткен. Министрдің айтуынша, отбасы атаулы әлеуметтік көмек пен алимент алған. Анасы екі некеден алты бала тәрбиелеп отырған. Ең кішкентайының жасы небәрі бірде болған.

Жақыпованың айтуынша, жақында анасы көпбалалы ана атағын алған. Жыл ішінде ол 320-330 мың теңгеге жуық алимент және 290 мың теңгеге жуық атаулы әлеуметтік көмек алған. 

«Бұл көп-көрім көмек болған», – дейді Жақыпова.

Алты баланың анасы жергілікті дүкенде еден жуушы болып жұмыс істеген. Оның өрт болған түні неге қалаға кетіп қалғаны белгісіз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →