×

44 млн теңгеге жуық залал: Алматыда университет қызметкері сотталды

Бюджет қаражатын жымқырған

44 млн теңгеге жуық залал: Алматыда университет қызметкері сотталды
Фото: kaznaru.edu.kz

Алматыда Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің қызметкерлері ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

«Осыған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен Университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы Университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған. Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті.

№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай» оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды», - делінген хабарламада.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Кеше, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →