×

Маңғыстауда жол апатынан алты шетелдік қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Маңғыстауда жол апатынан алты шетелдік қаза тапты
Фото: ашық дереккөзден

16 қазан күні сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында Jac және MAN көліктері соқтығысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Jac көлігі жолдың шетінде шекарадан өту үшін кезек күтіп тұрған MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Көлікте барлығы 10 адам болған. Оның төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.

Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде. Қажетті емдеу толық көлемде алынады.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам қаза тапты. ЖКО қатысушылары болған барлық көлік құралдары Өзбекстан Республикасында тіркелгені нақтыланады.

«Жәбірленушілер мен қаза тапқандар – Ресей Федерациясынан оралған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға туралы Өзбекстанның Ақтаудағы бас консулдығына хабарланды», - деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →